Балық аулау — табиғат аясындағы жағымды демалыс, алайда қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Су айдынындағы демалыс қауіпсіз болуы үшін:
- балық аулау үшін тек рұқсат етілген және қауіпсіз орындарды таңдаңыз;
- алкогольдік масаң күйде суға шықпаңыз;
- қайықты пайдаланған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
- қайыққа шамадан тыс жүк артпаңыз және қозғалыс кезінде орныңыздан тұрмаңыз;
- суға шығар алдында қайықтың жарамдылығын, ескектердің, құтқару құралдарының және су өткізбейтін қаптағы телефонның болуын тексеріңіз;
- қатты жел, найзағай кезінде немесе ауа райы күрт нашарлаған кезде балық ауламаңыз;
- тайғақ жағалауларда, жарқабақтар мен пирстерде абай болыңыз;
- балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;
- жақындарыңызға балық аулайтын жеріңіз бен уақытын хабарлаңыз.
Есте сақтаңыз: су немқұрайлылықты кешірмейді. Қарапайым ережелерді сақтау өмір мен денсаулықты қорғауға және балық аулауды қауіпсіз демалысқа айналдыруға көмектеседі.
Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/1294579?lang=ru

Жауап қалдыру