Еңбек заңнамасын сақтау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті Алматы қаласының прокуратура өкілдерімен және «МАК» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілімен бірлесіп жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу, еңбек шарттары туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша жасалған сақтандыру шарттары мен ЕШЕБЖ-ға енгізілген еңбек шарттары туралы мәліметтерге талдау жүргізу, сондай-ақ анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша одан әрі өзара іс-қимыл шаралары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1294693?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді