
Бүгін Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-зі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді.
Екінші мәселе бойынша «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер күші жойылды деп танылды.
Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты сессияда Федоров ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді. Сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1294450?lang=ru

Жауап қалдыру