
БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП КҮНІ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қызылорда облысында бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы жыл сайынғы Бірыңғай есеп күні өтеді.
Мақсат – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлермен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы өзекті мәселелерді, заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен идеяларды талқылайды.
Іс-шараға Қызылорда облысының әкімдігі, құқық қорғау органдары, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңөкілдері қатысады.
Өңір кәсіпкерлерін Бірыңғай есеп күніне қатысып, бақылау және қадағалау органдарының өкілдеріне өздерін толғандыратын сұрақтарды қоюға, ұсыныстары мен проблемалық мәселелерді көтеруге шақырамыз!
Іс-шараға қатысу үшін тіркеу: 8 (7242) 60-54-08, 60-54-07 байланыс телефондары арқылы жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1294636?lang=ru

Жауап қалдыру