
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру шеңберінде «Шығысқазжерқойнауы» қызмектерлерінің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырында қабылданған және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңымен көзделген жаңа енгізілімдер кездесудің негізгі тақырыбы болды.
Іс-шара барысында Агенттіктің өкілдері кадрлық процесстерді одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға, меритократияны дамыту және мемлекеттік қызметті цифрландыруға бағытталған мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі өзгерістер туралы толық айтып берді.
Кездесуге қатысушылар қызықтырылатын сауалдарға жауап алды және мемлекеттік қызмет саласында жаңа заңнама нормаларын пайдаланудың практикалық аспектілерін талқылады.
Бұндай кездесулерді өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнамалық өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандырылуға және практикалық қызметте жаңа талаптарды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Кездесу сындарлы диалог форматында өткізілді және мемлекеттік қызметтегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, түсініктеме алу үшін пайдалы алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ekn/press/news/details/1294570?lang=ru

Жауап қалдыру