НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.
Кездесу барысында инвестициялық жобаларды қолдау, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, сондай-ақ жер, қаржы және әкімшілік кедергілерді жою бағыттары талқыланды.
Қазіргі таңда өңірде жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптасқан. Аталған жобалар толық іске асырылған жағдайда 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Тараптар инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарын күшейтуге, бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін жедел шешуге және жергілікті өндірістік тізбектерді дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1294697?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді