
Бүгін, 19 қыркүйекте, Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day аясында өткен жалпы қалалық сенбілік кезінде Астана тұрғындары «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджін қолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала тұрғындары саябақтар, гүлзарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалауға, сондай-ақ ағаш отырғызуға қатысты.
Экологиялық іс-шаралардан түсірілген фото және бейнематериалдарды қатысушылар әлеуметтік желілерде бөлісіп, жарияланымдарына #WorldCleanupDay, #ТазаҚазақстан, #Өзіңненбаста, #Начниссебя хэштегтерін қосты.
«Бүгін Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day аясында достарыммен бірге «Өзіңнен баста» жалпыұлттық челленджіне қосылып отырмыз. Тазалық әрқайсымыздан басталады. Қоршаған ортаға қамқорлық танытып, айналамызды таза ұстау – әр адамның қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызды қадамдар», – деді челленджге қатысушылардың бірі.
Челлендждің мақсаты – қаланың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігі мен күнделікті әрекетіне байланысты екенін еске салу. Қатысушылар өзі арқылы өзгелерге табиғатқа ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1294848?lang=ru

Жауап қалдыру