
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес отырысында көтерілген ұсыныс негізінде Қызылорда қаласының «Отбасын қолдау орталығында» «Отбасын қорғау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетудің бірыңғай күні» өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкіл, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтарға отбасы қатынастары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және одан зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ құқықтарды қорғау тетіктері бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Қатысушылардың сұрақтары жеке тәртіпте қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1294594?lang=ru

Жауап қалдыру