Қарақия ауданында оқушылар мен ата-аналарға бала қауіпсіздігі түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы полиция бөлімі қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналармен кездесулер өткізіп, бала қауіпсіздігі, мектептегі тәртіп және 2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін орындау, құқық бұзушылықтың алдын алу және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар балалар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, олардың ықтимал салдары және осындай жағдайларға тап болған кезде кімге жүгіну керектігі жөнінде профилактикалық ақпарат берілді.

Ата-аналарға бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернеттегі қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ мектеппен және құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болудың маңыздылығы айтылды.

Кездесуде баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – отбасы, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Қарақия ауданы полиция бөлімі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1294585?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді