
СҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары «Петропавл» Желілік Өндірістік-Диспетчерлік Станциясында оқу дабылына қатысты. Оқу дабылының мақсаты – ықтимал авариялар мен инциденттерді жоюға ден қоюдың жеделдігі, қызмет көрсетулер, сондай-ақ авариялық-құтқару бөлімшелері арасындағы қызметкерлердің ішкі өзара іс-қимылын жақсарту және жетілдіру.
Өткізілген оқу дабылы барысында су көздеріне автоцистерналар орната отырып, өрт сөндіргіш заттарды сөндіруге және салқындатуға іс жүзінде бере отырып, резервуар паркіндегі шартты өртті сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдар пысықталды. Станцияның барлық қызметкерлері апаттарды жою жоспарына, сондай-ақ оқу-жаттығу бағдарламасына сәйкес әрекет етті. Оқу дабылының нәтижелері бойынша шартты апат жойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1294702?lang=ru

Жауап қалдыру