2026 жылғы 17 қыркүйекте Ақжайық аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Отырысқа күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты мемлекеттік мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімінің орынбасары, жеке кәсіпкердің өкілі қатысты.
Отырыста ауданның қоғамдық тәртібі, мемлекеттік жастар саясаты, салық мөлшерлемесі, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған тарифтер, құрылыс нысандарына мониторинг және техникалық бақылау, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді 2026 жылғы 25 қыркүйекте қайта қарау туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар бақылауға алынды.
Жауап қалдыру