Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының
кезекті, жетпіс үшінші сессиясын шақыру туралы
2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, жетпіс үшінші сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жергілікті атқарушы органның Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету туралы;
- Ақсай, Билікөл, Қарасаз және Шақпақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі;
- Аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, спорт және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1294674?lang=ru

Жауап қалдыру