
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 10-19 қыркүйек аралығында Катонқарағай ауданында өтіп жатқан тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың белсенді кезеңінің барысымен танысты.
Оқу-жаттығуға 78 әскери міндетті, ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасының 20 тұрақты әскери қызметшісі, «Арлан» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің 20 әскери қызметшісі мен маманы, сондай-ақ 30 лауазымды тұлға жұмылдырылған.
«Осындай оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – барлық бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтап, кез келген жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ету», – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1294738?lang=ru

Жауап қалдыру