
Шымкентте «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің өндірістік қуатын кеңейтуге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Жоба аясында мұнай өңдеу көлемін жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар, өндіріс кеңейтілгеннен кейін қосымша 1 200 жаңа жұмыс орнын құрылмақ.
Кәсіпорынның қазіргі өндірістік қуаты жылына 6 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп, мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Қазіргі таңда кеңейту жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, жобаны іске асыруға қажет жер учаскелерін рәсімдеу жұмысы да жүргізілуде.
Өндірістік қуатты екі есеге арттыру жобасы Шымкенттің мұнай өңдеу саласындағы әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1294464?lang=ru

Жауап қалдыру