
ШЫМКЕНТТЕ УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Өрт қауіпсіздігі» акциясы аясында Әл-Фараби ауданы, Ескі қала шағын ауданында тұрғындар арасында профилактикалық іс-шара өткізілді.
🚒 Іс-шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары, Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері, қалалық газ техникалық қызмет мамандары қатысты.
📌 Тұрғынға өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, газ және жылыту қондырғыларын дұрыс қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚠️ Улы газдан уланудың негізгі себептері мен оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, демеушілер есебінен 5 тұрғын үйге газ дабылы орнатылды.
дабылқаққыштары орнатылды.
Газ дабылқаққышы – адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған маңызды құрылғы. Әр тұрғын газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет. 🚨
📄 Тұрғындарға қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратылды.
☎️ Өрт немесе төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1294487?lang=ru

Жауап қалдыру