ШЫМКЕНТТІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері республикалық спартакиадада жалпы командалық есепте чемпион атанды.

 Қостанай қаласында медицина қызметкерлері арасында өткен «Спорт нашақорлыққа қарсы» спартакиадасына еліміздің 20 өңірінен келген командалар қатысты.

 Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Бұл – мегаполистің медицина қызметкерлерінің спорттық дайындығының, командалық ұйымшылдығының және салауатты өмір салтын насихаттаудың нәтижесін көрсететін маңызды жетістік.

 Шымкенттіктер бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болып, жалпы 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды:

 Үстел теннисі – І орын

 Тоғызқұмалақ – командалық І орын

 Баскетбол 3×3, қыздар – І орын

 Баскетбол 3×3, ерлер – ІІ орын

 Волейбол – ІІІ орын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1294459?lang=ru