Түркістан облысында жас сақшылардың рухани тәрбиесіне полицейлер де үлес қосуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, олардың бойында отансүйгіштік пен туған жерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Осы бағытта Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Ұлттық музей” күніне орай “Жас сақшы” сыныбының оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Жасөспірімдер Жетісай драма театрының музейіне барып, тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты.
Экскурсия барысында мәдениет саласының қызметкері оқушыларға музейдің қалыптасу тарихы, театрдың шығармашылық жолы және мұнда сақталған құнды жәдігерлер туралы кеңінен әңгімеледі. Жас сақшылар туған өлкенің мәдениеті мен өнеріне қатысты тың мағлұмат алып, музей экспозицияларын қызығушылықпен тамашалады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың рухани құндылықтарды бағалауына және қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстауына ықпал етеді.
Жастар тәрбиесіне көңіл бөлу, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу – полицияның профилактикалық жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1294684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді