World Cleanup Day: Астанада жалпы қалалық экологиялық акция басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 19 қыркүйекте, елордада Дүниежүзілік тазалық күніне – World Cleanup Day-ге арналған экологиялық іс-шаралар өтіп жатыр. Акция республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға елдің түкпір-түкпірінен тұрғындар, волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері және қала тазалығына бейжай қарамайтын азаматтар қатысып жатыр. Олар саябақтар, гүлзарлар, тұрғын үйлердің аулалары, қоғамдық кеңістіктер мен ұйымдарға іргелес аумақтарды ретке келтіруде.

Қатысушылар қоқыс жинап, қала аумағын абаттандырып, ағаш көшеттерін отырғызуда. Акцияға қосылып, елорданың тазалығы мен көгалдандырылуына үлес қосуға барлық ниет білдірушілер шақырылады.

Іс-шара 12 қыркүйекте басталған «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аясында өтіп жатыр. Бір ай бойы қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы жалғасады.

Мұндай іс-шаралар Астананы таза әрі жасыл қалаға айналдырумен қатар, тұрғындардың экология мәселелеріне және қоршаған ортаға ұқыпты қарауына назар аударуға мүмкіндік береді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1294831?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді