Жол үстіндегі көңіл көтеру ережені бұзуға себеп емес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол үстіндегі көңіл көтеру ережені бұзуға себеп емес

Әлеуметтік желілерде жолаушылар көлік терезелерінен шығып тұрған бейне пайда болды. Қауіпті кадрлар Шығыс Қазақстан облысының полицейлерінің назарын аударды.

Мұндай әрекет жол жүрісі қағидаларын бұзып қана қоймай, өздері үшін де, басқа жол қозғалысына қатысушылар үшін де қауіпті. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бейнедегі азаматтарды анықтап, шаралар қабылдады.

Жүргізушілерге қатысты жолаушыларды тасымалдау, оның ішінде көлік құралының салонынан тыс тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жолаушылар ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша көлік құралы жүріп келе жатқанда салонның сыртында болғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті еске салады: бірнеше секундтық көңіл көтеру үшін тәуекелге барудың қажеті жоқ. Жол — мұндай ойын-сауықтың орыны емес. Ең бастысы — өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1294602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді