
Әуезов ауданында Қала күнінің алғашқы күні жарқын әрі мазмұнды өтті!
Сағат 12:00-ден бастап Н. Сац атындағы театр алдындағы алаңда түрлі жәрмеңкелер, шығармашылық және спорттық алаңдар жұмыс істеді. Балалар арасында сурет көрмесі мен байқауы ұйымдастырылып, басты сахнада «Шыңға өрлеу – ALMA ART» қалалық фестивалі өтті. Сонымен қатар тұрғындар ұлттық спорт ойындарына белсенді қатысты.
Сағат 16:00-де басты мерекелік концерт басталды. Концерт алдында «Үздік аула» аудандық байқауының қорытындысы шығарылды. 48 өтінімнің арасынан үздік деп танылған 6 ауланың өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Концерттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының халық әртісі Мұрат Серкебаевтың жетекшілігіндегі Алматы қаласы әкімінің Концерттік оркестрінің квартеті ашты. Сондай-ақ сахнада Абай Бегей, Диана Шарапова, Ұланғасыр Қами, Ренат Мықыш, Назгүл Әбібекова және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.
Концерт барысында көрермендер арасында Алматы туралы сұрақтар қойылған викторина ұйымдастырылды. Дұрыс жауап берген қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік күн жастардың JAS VIBE акустикалық кешімен жалғасты.
Шығармашылық, ұлттық дәстүр, спорт пен музыка тоғысқан мерекелік күн тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қала күні құтты болсын, Алматы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1294959?lang=ru

Жауап қалдыру