Алматы полицейлері Қазақстан чемпионатында қала намысын қорғайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда 6-14 қыркүйек аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бокстан қалалық чемпионат өтті.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дәулет Сейдалимов жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша полиция қызметкері қазан айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Алматының намысын қорғау құқығына ие болды.

ПД бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов ЖҚАЖ қызметкерінің жеңісін атап өтіп, оған марапат табыстады.

«Мұндай жеңістер – тәртіптің, табандылықтың және күнделікті еңбектің нәтижесі. Қызметкерлеріміздің кәсіби бағытта ғана емес, спортта да биік нәтижелерге қол жеткізіп жүргені қуантады. Аға лейтенант Сейдалимовке Қазақстан чемпионатында Алматының намысын абыроймен қорғауына тілектеспін», – деді Айдын Кабдулдинов.

Енді алматылық полицей үшін басты сын – ел чемпионатының шаршы алаңы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1294947?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді