Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

 

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекі, отыз жетінші сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйек күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

 

1.

Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

2.

Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бойынша облыста атқарылған жұмыстар туралы.

3.

Жамбыл облыстық мәслихатының экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.

4.

Әртүрлі мәселелер.

 

*   *   *

 

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы  облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 11:00-де өтеді.

 

*   *   *

 

 

Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 14:30-да басталады.

 

 

Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, отыз жетінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

 

Облыстық мәслихат төрағасы                                                А.Нұралиев


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1294936?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді