
Бүгін Абай алаңында Қала күнін мерекелеу аясында «Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауы мен «Алматы – ән қанатында!» республикалық композиторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Екі байқау да Алматыны кеңінен танытуға, оның мәдени әлеуетін ашуға және қалаға арналған жаңа шығармашылық туындылар жасауға бағытталды.
«Аспан таулы Алматы!» бейнеконтент байқауына 118 адам қатысты. Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі диплом мен 3 000 000 теңгелік сертификат Атлан Булыбаевқа табысталды. II дәрежелі диплом мен 2 000 000 теңгелік сертификат Алмасхан Мұратбекке берілді. III дәрежелі дипломдар мен 500 000 теңгелік сертификаттарға Екатерина Макарова мен Ақылбек Таңжарық ие болды.
Сонымен қатар Ислам Жақсылық, Ықылас Тұрсынбекұлы, Нұргүл Өнербекқызы, Мақсат Құсайынов, Диаскен Байтибаев және Малика Илахунова 300 000 теңгелік ынталандыру сертификаттары мен арнайы дипломдарға ие болды.
Екінші байқау – «Алматы – ән қанатында!» Алматыға арналған музыкалық шығармаларын ұсынған 75 қатысушыны біріктірді.
III дәрежелі диплом және 1 000 000 теңгелік ақшалай сертификат Жексенбек Әбілқайыр Жұбанышұлына табысталды. II дәрежелі диплом мен 2 000 000 теңгелік сертификат Бажан Айгүл Әлібекқызына берілді. I дәрежелі диплом және 3 000 000 теңгелік ақшалай сертификат Әділханов Мұрат Әділханұлына табысталды.
300 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлықтарына шығармалардың авторлары Алтымбаев Айбек Саматұлы, Жайлау Уәлихан Темірханұлы, Исағұлова Ағима Шермұхамбетқызы, Қуанбай Шынболат Қайратұлы және Рыспанбетов Самат Бақытжанұлы ие болды.
Осылайша, әр байқаудың жалпы жүлде қоры 7,5 млн теңге болды.
«Мұндай шығармашылық байқаулар авторларға талантын танытып, кәсіби мойындауға ие болуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Алматының заманауи көркем бейнесін қалыптастыруға да ықпал етеді. Қатысушылар музыка мен визуалды контент арқылы қаланың атмосферасын, тарихын, сәулетін, табиғатын және өзіндік болмысын жаңаша қырынан ашады. Осындай жобалар аясында дүниеге келген туындылардың Алматының мәдени өмірінің бір бөлігіне айналып, қала тұрғындары мен қонақтарының ықыласына бөленуі маңызды», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев.
Байқауларды өткізу Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігіне айналып, отандық авторларды қолдауға, шығармашылық бастамаларды дамытуға және Алматының мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға арналған тағы бір алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/press/news/details/1294967?lang=ru

Жауап қалдыру