
Алматыда жоғары оқу орындарында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кезекті кездесу Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтті.
Студенттерге қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жеке қауіпсіздік және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Университет қабырғасында және жатақханаларда буллинг, зорлық-зомбылық пен жанжалдардың алдын алуға да ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ түрлі жағдайларда қандай әрекет жасау керектігіне қатысты сұрақтарын қойды.
«Біздің міндетіміз – жасалған құқық бұзушылыққа әрекет етумен ғана шектелмей, оның алдын алу. Жастар өз құқықтарын неғұрлым жақсы біліп, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті дұрыс түсінсе, айналадағы орта да соғұрлым қауіпсіз болады», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Алматының жоғары оқу орындарында жастармен осындай кездесулер жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1294945?lang=ru

Жауап қалдыру