
«Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері»
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8–10 сынып оқушылары арасында «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – қаламгердің өмірі мен шығармашылығын терең зерделеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын насихаттау және оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Аудандық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша І орын иеленген 3 оқушының байқау жұмыстары мен бейнежазбалары байқауды ұйымдастырушыларға жолданды.
Алдағы уақытта ұйымдастырушы тарап аудандардан ұсынылған жұмыстарды саралап, аймақтық кезеңге жолдама алған қатысушыларды анықтайтын болады.
Барша қатысушыларға шығармашылық ізденіс пен сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1295408?lang=kk

Жауап қалдыру