«ADALDYQ CUP»: Әділет департаментінің қызметкерлері II орын иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған «ADALDYQ CUP» зияткерлік-командалық ойынына қатысып, жүлделі II орынға ие болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі мен зияткерлік әлеуетін арттырып, командалық бірлікті нығайту.

Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдығын және командада тиімді жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша Алматы қаласы Әділет департаментінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, II орын үшін марапатталды.

Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметте адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтуға, командалық рухты дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1295504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді