Ақкөл ауылында «World Cleanup Day» халықаралық экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Ақкөл ауылында 19 қыркүйекте «World Cleanup Day» (Дүниежүзілік тазалық күні) халықаралық экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, ауыл тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау болып табылады.

Экологиялық акция аясында ауыл белсенділері, ерікті жастар мен мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Игі шара барысында ауылдағы негізгі нысандар: Жеңіс саябағы мен балалар ойын алаңы, сондай-ақ К. Сағадиев, А. Байтұрсынов, Ардагерлер, Бейбітшілік, А. Қоңқабаев және Жеңіс көшелері мен әкімшілік аумақтар күл-қоқыстан, пластик қалдықтардан толықтай тазартылды. Жиналған қоқыстар арнайы техниканың көмегімен ауылдық полигонға уақтылы жеткізілді.

Шараны ұйымдастыруға және үйлестіру жұмыстарына ауыл әкімдігінің бас маманы Г. Жұмабай жауапты болып, қатысушыларды қажетті тазалық құралдарымен қамтамасыз етті. Осындай ауқымды акцияға қолдау көрсетіп, туған ауылымыздың көркейіп-тазаруына үлес қосқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз! Тазалық — табалдырықтан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-akkol/press/news/details/1295073?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді