
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Тасқала ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Мырзағалиевтің туғанына 70 жыл толуына арналып облыс, қала және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері арасында волейболдан Тасқала ауданы әкімінің кубогі өткен болатын. Байрақты бәсекеге қатысқан аудан командасы 10 команданың ішінен суырылып шығып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жекелей спортшылар арасынан С.Хамзин «Үздік байланыстырушы», М.Бисембаев «Үздік қорғаушы» атағына ие болды.
Әріптестерімізді жүлдесімен құттықтаймыз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1295307?lang=ru

Жауап қалдыру