АУЫЛДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жүзеге асырылуы және елді мекендердің санитарлық тазалығы – аудан әкімдігінің тұрақты бақылауындағы маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов орынбасары Азамат Мұхамбетжановпен бірге Хан ордасы ауылына барып, ауылдағы тазалық жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі ауыл көшелерін, қоғамдық орындарды, елді мекен аумағындағы абаттандырылған нысандарды аралап, тазалық пен көркейту жұмыстарының жай-күйін көрді. Ауыл аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоқыстарды уақытылы шығару, аулалар мен көшелерді ретке келтіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді, тазалықты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ортақ пайдаланылатын аумақтарды таза ұстау және ауылдың көркін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы – бір реттік шара емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыратын тұрақты жұмыс. Сондықтан елді мекеннің тазалығы тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1295312?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді