
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акцияға қатысты.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар табиғатқа жанашырлық танытып, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын арттыра түседі.
Акция барысында Департамент қызметкерлері бекітілген аумақ және оған іргелес аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты қоқыстан тазартуға белсенді ат салысып, Туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1295146?lang=ru

Жауап қалдыру