Негізгі міндеттер айқындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Негізгі міндеттер айқындалды
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Т. Рысқұлов ауданында болып, аудандық орталық аурухананың алдағы күрделі құрылысы мен қосымша нысандар салу жобасының жай-күйін зерделеді.
Аурухананың күрделі құрылысы мен қосымша құрылысын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттар 2023 жылы әзірленген. Биыл Мемлекет басшысының қолдауымен Ұлттық қордан қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Осыған байланысты жобалық құжаттар қайта қаралып, өзектендіріледі.
Жұмыс сапары барысында басқарма басшысы құрылыс кезеңінде медициналық көмектің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Ол аурухана бөлімдерінің кезең-кезеңімен көшу сызбасы мен алгоритмін бекітуді, бөлімдерде санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, триаж жүйесін реанимация бөліміне жақын орналастыруды, рентген және КТ кабинеттерін стационарға жақын, әрі талапқа сай орналастыруды, жаңа емхананың аумағы мен қуатын ауданның демографиялық өсіміне сәйкес жоспарлауды тапсырды. Сондай-ақ, жобада пациент қауіпсіздігі, медициналық көмектің қолжетімділігі мен үздіксіздігі басты назарда болуын міндеттеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1295369?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді