
Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Музатованың төралығымен нотариустар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен салалық заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған кеңес өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға «Нотариат туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңдарына енгізілген өзгерістердің негізгі ережелері түсіндіріліп, оларды практикада қолдану мәселелері қаралды.
Іс-шарада нотариаттық және атқарушылық салаларда заң нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге, құқықтық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу қорытындысы бойынша құқық қолдану практикасын жетілдіру және көрсетілетін құқықтық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295459?lang=ru

Жауап қалдыру