
🌱19 қыркүйекте, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шахтинск қалалық саябағында ағаш отырғызу шарасы өтті.
Акцияға Шахтинск қаласының әкімі М.Е. Қыдырғанбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ж.С. Мамерханова, қалалық мәслихат депутаттары Ш.Б. Бейсембаева мен Н.А. Наумова, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ қала жастары мен жұртшылық өкілдері қатысты.
Қатысушылар бірлесе отырып, қалалық саябаққа ағаштар отырғызды және қаламызды көгалдандыру мен абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.
🌿 Таза әрі көрікті қала әрбір адамның жеке үлесінен басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1294996?lang=ru

Жауап қалдыру