
Бүгін, 21 қыркүйек күні Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Жарылғасын Шамбалаев қатысты.
Отырыс барысында өңір басшысы Шалқар ауданы әкімінің лауазымына Ақшолақ Қайрат Серікбайұлын тағайындауға ұсыныс білдірді, өмірбаянымен таныстырды.
Мәслихат депутаттары облыс әкімінің ұсынысына бірауыздан келісім берді.
Облыс әкімі Асхат Шахаров, депутаттар жаңа аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат Шалқар ауданы мәслихатының сайтында жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1295514?lang=ru

Жауап қалдыру