
ТАЗА ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Тараз қаласында өткен “World Cleanup Day» халықаралық экологиялық акциясына белсене қатысты.
Басқарма ұжымы өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартып, абаттандыруға үлес қосты.
Сенбілік – қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, қоғамдық жауапкершілікті арттырып, туған өлкенің көркеюіне әр азаматтың үлес қосуына мүмкіндік беретін игі дәстүр.
Таза, әрі көрікті қала – баршамызға ортақ.
Тазалық – тәртіптен, көркейту – бірліктен басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1295367?lang=kk

Жауап қалдыру