
Ағымдағы жылдың 4-11 қыркүйек аралығында ҚР Оқу- ағарту министрлігінің 2026 жылғы 3 шілдедегі №189-НҚ бұйрығымен ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы негізінде “Үздік педагог” конкурсының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: педагогтердің кәсіби жетістіктерін, шығармашылық белсенділігін және әдістемелік құзыреттілігін айқындау, қолдау және тарату; олардың ғылыми- әдістемелік еңбектерін жариялау арқылы ұстаз мәртебесін арттыру. Конкурстың аудандық кезеңіне 3 педагог жұмысы түсіп, комиссия шешімі бойынша
І орын- Жапалова Марал “ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ (101 ұпай);
ІІ орын- Елемесова Нұргүл “ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ (85 ұпай);
ІІІ орын- Мамырбек Замира “Жалпы орта білім беретін мектебі” КММ (52 ұпай) педагогтері иеленді. Конкурстың облыстық кезеңіне ұпай саны 80- нен жоғары жинаған педагогтер жолдама алды.
Аудан атынан қатысатын педагогтерге конкурстың облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1295402?lang=kk

Жауап қалдыру