
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жас Сақшы» сыныптарында білім алатын оқушыларына тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды.
Танымдық сапар барысында оқушылар Түркістан өңіріндегі тарихи және мәдени маңызы зор нысандарға барды.
Саяхаттың алғашқы бағыты – қасиетті Арыстан баб кесенесі болды. Оқушылар кесененің тарихымен танысып, оның қазақ халқының рухани өміріндегі маңызы туралы мағлұмат алды.
Сапар барысында жас сақшылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, ұлы ойшылдың өмірі мен рухани мұрасы жөнінде тың ақпараттар алды.
Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы заманауи туристік нысандардың бірі – «Керуен Сарай» кешеніне барып, оның ерекшеліктерімен танысты.
Осындай тарихи-танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1295071?lang=ru

Жауап қалдыру