
Бұл күні өнерпаздар кәсіпорындардың жұмыс орындарына арнайы барып, еңбек ұжымдарын мерекемен құттықтап, күнделікті еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар сүйікті әндерін орындап, көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік әсер сыйлады.
Жылы атмосфера, әсем әуендер мен шынайы алғыс сөздері жұмыс қарбаласынан бір сәтке сергіп, жақсы көңіл-күй сыйлады.
«Шалыгин» және «Черных» жеке кәсіпорындарының басшыларына, сондай-ақ барша еңбек ұжымдарына қонақжайлықтарыңыз, еңбектеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1295571?lang=ru

Жауап қалдыру