«Абайлаңыз, құтырма!» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Абайлаңыз, құтырма!» акциясы

Жыл сайын 28 қыркүйекте Дүниежүзілік құтырма ауруына қарсы күрес күні атап өтіледі. Оның мақсаты- халыққа құтырма вирусының қауіптілігі мен оның алдын алудың маңыздылығын еске салу.

Осы күн қарсаңында облыста 2026 жылғы 21-30 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз, құтырма!» акциясы жарияланды.

Акция аясында семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, радио және теледидарда сөз сөйлеулер өткізіледі, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар орналастырылады, мектеп оқушылары мен студенттер арасында тақырыптық сабақтар мен әңгімелесулер өткізіледі, сондай-ақ басқа да профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, құтырма-үй және жабайы сүтқоректілердің барлығында кездесуі мүмкін аса қауіпті жұқпалы ауру. Вирустың адамға берілуінің негізгі жолы- ауру жұқтырған жануардың сілекейі арқылы.

Өз денсаулығыңызға, сондай-ақ туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз. Алдын алу шараларын сақтаңыз. Жануар тістеген немесе жануармен басқа да байланыс болған жағдайда, құтырмаға қарсы профилактикалық екпе алу үшін медициналық көмекке уақтылы жүгініп, травматологиялық пунктке немесе медициналық ұйымға барыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1296268?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді