
Ақмола облысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан республикалық маңызы бар Жақсы – Есіл – Бұзылық автожолында Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі пайдалануға берілді.
Нысанның құрылысы шамамен үш жылға созылды. Бұған дейін көлік қозғалысы 1968 жылы салынған, бүгінде апатты деп танылған ескі көпір арқылы жүзеге асырылып келген.
«Есіл тұрғындары үшін бұл жолдың маңызы зор. Біз бұл бағытты үнемі пайдаланамыз, сондықтан жол қатынасының қауіпсіз әрі сенімді болуы қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз. Жаңартылған жол жүргізушілер мен жолаушылар үшін қозғалыс жағдайын айтарлықтай жақсартады», – деді Есіл қаласының тұрғыны Виктор Казимиров.
Көпірдің ұзындығы 255 метрді құрайды. Ол көлік қозғалысының қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді. Кірме жолдарды қоса есептегендегі нысанның құрылыс ұзындығы 2 шақырымнан асады.
«Ақмола облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Жалпы, өңірде Мемлекет басшысының жол желісін орташа жөндеумен қамтуды арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын орташа жөндеу жобаларына жыл сайын шамамен 60 млрд теңге бағытталады», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Хамзат Султанов.
Соңғы үш жылда Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 89%-дан 96%-ға дейін артты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1296317?lang=ru

Жауап қалдыру