
Ақмола облысында “Жасөспірімдерді бақылау” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. 20 күн ішінде полицейлер мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шараға 300-ден астам полиция қызметкерлері мен мүдделі ұйымдардың өкілдері тартылды.
ЖПІШ кезінде ішкі істер органдарына 257 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның 11-і қылмыс жасағаны үшін, 243-і әкімшілік құқық бұзушылық үшін, тағы 3 жасөспірім – қараусыз қалғаны үшін.
Профилактикалық есепке 3 кәмелетке толмаған және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 7 ата-ана қойылды.
“Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер ортасындағы проблемаларды уақтылы анықтауға және қажетті алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Тәуекел тобындағы балаларға, сондай – ақ олардың ата-аналарымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді”, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД КПБ жедел уәкілі полиция подполковнигі Нұрқанов Жаслан Қайыргелдіұлы.
Іс-шара аясында 51 мектеп пен бір колледжде жасөспірімдер арасындағы проблемалар мен ықтимал құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізілді.
Сонымен қатар, 20 күн ішінде құқықтық тақырыпта 679 профилактикалық дәріс өткізілді.
Жасөспірімдер қылмысы мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1295931?lang=ru

Жауап қалдыру