Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи технологиялар тиімді қолданылуда. Соның бірі – жол қозғалысына әуеден бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін дрондар.
Мәселен, 15 қыркүйек күні сағат 17:10 шамасында Доссор–Құлсары тасжолының 107-шақырымында «Hyundai Elantra» маркалы автокөліктің жүргізушісі жол белгісінің талабын бұзып, тұтас ақ сызықты кесіп өтіп, өзімен бір бағытта келе жатқан жүк көлігін басып озған. 1988 ж.т жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1295966?lang=ru

Жауап қалдыру