Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдаулар өткізетіні туралы хабарландыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдаулар өткізетіні туралы хабарландыру.

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 18-бабына, ҚР Үкіметінің 09.08.2011 жылғы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып, тиісті шешімдер қабылдайды.

«Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ енгізген материалдар негізінде Шал ақын ауданының мәслихаты мынадай коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды: 1) Арай ауылдық округі Социал ауылындағы негізгі мектеп ғимараты, 1976 жылы салынған, жалпы ауданы 597,7 шаршы метр; 2) Семипол ауылдық округі Астаған ауылындағы бастауыш мектеп ғимараты, жалпы алаңы 502,5 шаршы метр; 3) «KIA Quoris» маркалы автомашина, 2015 жылы шығарылған; 4) «Mersedes-Benz 320» маркалы автомашиналар, 1998 жылы шығарылған.

Жария тыңдаулар 22 қазан күні сағат 11.00-де СҚО, Сергеевка қ., Победа к-сі, 35 (аудан әкімдігінің ғимараты) мекенжайында орналасқан     Шал ақын ауданы мәслихатының ғимаратында өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.30-дан басталады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalakyn/press/news/details/1296161?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді