
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 18 қыркүйекте сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары атқарушылық іс жүргізуге байланысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының нормалары түсіндірілді.
Азаматтармен осындай ашық форматта қарым-қатынас жасау заңнама нормаларын уақтылы түсіндіруге, туындаған мәселелерді жедел шешуге және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1296227?lang=kk

Жауап қалдыру