“Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 50 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Атап айтқанда, № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттары 1-1-қосымшамен толықтырылды.

1-1-қосымшамен ауыл халқына амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымын және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерін жарақтандырудың ең төменгі стандарты бекітілді.

Лицензиаттардың назарына ауыл халқына амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде медициналық бұйымдармен жарақтандыруға қойылатын белгіленген талаптарды ескеру қажеттігін назарға саламыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 50 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы редакциясын басшылыққа алуды сұрайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1296209?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді