Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары «Verum Agro SKO» ЖШС қызметкерлерімен «Еңбек шарты және ЕШЕБЖ: қызметкер нені білуі қажет» тақырыбында түсіндіру кездесуін өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде (ЕШЕБЖ) еңбек шарты туралы мәліметтердің болуы еңбек шартының өзін алмастырмайтыны түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады, оның бір данасы қызметкерге, екіншісі жұмыс берушіге беріледі. Сонымен қатар еңбек шартын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында да жасасуға болады.
Сондай-ақ еңбек шартында заңнамада көзделген міндетті талаптар, оның ішінде еңбек функциясы, жұмыс орны, жұмыс уақытының режимі, еңбекақы төлеу шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері және басқа да талаптар көрсетілуге тиіс екені түсіндірілді (ҚР Еңбек кодексінің 28-бабы).
Қызметкерлерге ЕШЕБЖ еңбек шарты туралы мәліметтерді тексеру және жасалған еңбек шартының өз данасын алу ұсынылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1295607?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді