
Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы департаментінің бірлесуімен медицина қызметкерлеріне арналған еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында медицина саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен міндеттеріне, еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеуге, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режиміне, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің еңбек заңнамасы талаптары туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіру және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес қалыптастыруға ықпал ету.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы департаменті Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Қ. Ерғазинов қатысып, қолданыстағы еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша түсіндірме берді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек қатынастарына қатысты практикалық мәселелер бойынша жауаптар алды.
Осындай түсіндіру іс-шараларын өткізу еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек қатынастары саласындағы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1295716?lang=ru

Жауап қалдыру