
Ерікті қоныс аудару бағдарламасы отбасыларға басқа өңірге көшіп қана қоймай, жаңа жерде баспана тауып, жұмысқа орналасып, тұрмысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай оң мысалдар аз емес.
Солардың бірі – Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қоныс аударған Пердебай Шайдуллаевтың отбасы.
Бағдарлама аясында отбасы мемлекеттік қолдау шараларына ие болды. Ал Мансап орталығының көмегімен Пердебай Кенжебаевич қалалық ауруханаға санитарлық-техникалық жүйелердің слесарі болып жұмысқа орналасты.
Жаңа қалаға көшіп, тұрмысын бастау қалай болғаны және көрсетілген қолдау туралы Пердебай Кенжебаевич бейнематериалда айтып берді.
https://www.instagram.com/p/DdZP3jBoATC/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1296220?lang=ru

Жауап қалдыру