ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік жүйелерді қолдануды кеңейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Осындай шешімдердің бірі – жолдардағы бақылауды күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін лазерлік жүйелер.

     Лазерлік жүйелер тұман, боран, қатты жаңбыр және басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында көріну мүмкіндігі шектеулі болған кезде жүргізушілерге жол бағдарын айқындауға көмектеседі.

     Қазіргі уақытта 56 лазерлік құрылғы қолданылуда. Жыл соңына дейін тағы 48 құрылғы орнату жоспарланып отыр. Бұл аталған технологияны жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрғысынан аса маңызды жол учаскелерінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

     Лазерлік жүйелерді дамыту – Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысын қадағалау тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмысының бір бөлігі. Бұл ретте көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау, дрондарды пайдалану және жасырын патрульдеу сияқты шаралар да қатар жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1296243?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді