Круглый стол!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы, Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының және Қарасай ауданы прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолдану мәселелері және заңнамадағы өзекті өзгерістер тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар медиация саласындағы заңнаманың негізгі ережелерін, заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістерді, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының қызметінде қолданудың практикалық мәселелерін талқылады.

Ерекше назар дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу мәселелеріне, даулы жағдайларды шешу кезінде медиация мүмкіндіктерін қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жеке сот орындаушылары, сот органдары мен прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын тиімді қолдану және дауларды бейбіт жолмен реттеу тетіктерін жетілдіру мақсатында одан әрі ынтымақтастық орнатудың және осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1295616?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді